Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Санкт Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады.
Жиын аясында Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған. Алдымен Татарстан Президенті Рустам Миинихановпен жүздесті. Қазақстан мен Татарстанның сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту жайы талқыланды.
Экономиканың маңызды секторларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, елдегі зауыттарды Ресейдің өндіріс жүйесімен қатар дамытуға баса мән берілді. Әсіресе, «КАМАЗ» және «Татнефть» арасындағы келіссөздер жайы қаралды. Жалпы қазақ-татар байланыстарының дамуы қарқынды.
Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 423 миллион долларды құрады. Биылғы төрт айдағы көрсеткіш 143 миллион доллар. Машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асып жатыр.