Коронавирус өршіп жатқан Солтүстік Кореяда тағы бір белгісіз індет анықталды. 800 тұрғын ішек инфекциясына шалдыққан.
Ел билігі науқастарға көмек ретінде дәрі-дәрмек жіберді. Дәрігерлер оларға нақты диагноз қоя алмай отыр. Ал Оңтүстік Кореядағы мамандардың мәлімдеуінше, бұл сүзек немесе тырысқақ ауруы болуы мүмкін.