Солтүстік Кореяда науқастардың саны 820 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда науқастардың саны 820 мыңнан асты

16.05.2022

Солтүстік Кореяда тағы 300 мың адам коронавирус жұқтырды. 42 адам қаза тапқан. Вирус бас-аяғы 820 мыңнан астам тұрғыннан анықталып отыр. Елдің мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, сәуірдің соңында «белгісіз безгек» тарай бастаған. Кейбір мәліметтерге сай, науқастардың барлығы коронавирусқа шалдыққан болуы мүмкін. Мемлекет лидері Ким Чен Ын мәлімдеме жасап, COVID-19-дың таралуы елді «үлкен күйзеліске» әкелгенін және оны еңсеру үшін жан-жақты күресу қажеттігін ескертті. Инфекцияның тарауын тоқтату үшін күллі ел аумағында қатаң локдаун жарияланған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу