Қытайдың оңтүстігі мен шығыс бөлігін су басып, ауылдардан 6200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Елдің Табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, Фуцзянь, Цзянси, Гуандун және Гуанси провинцияларының тұрғындарына тасқыннан сақтану туралы ескерту жасалып, зардап шеккен аудандарға құтқарушылар мен өзге де жұмыс топтары жіберілген. Бірнеше үй мен көпір су ортасында қалды. Ал, кейбір қалалардың көшелері өзенге айналып, Фуцзяньда 80 пойыз тоқтады.
Дегенмен, қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ. Жергілікті биліктің хабарлауынша, бұл тасқынға нөсер жауын себепші.