Қытайда «Мучжигэ» тайфунынан мерт болғандар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда «Мучжигэ» тайфунынан мерт болғандар саны артты

05.10.2015
Қытайда «Мучжигэ» тайфунынан мерт болғандар саны артты

Табиғи апаттан 5 адам мерт болды. 

Қытайдың оңтүстігін басқан «Мучжигэ»  тафунының құрбанына айналғандар саны 5 адамға жетті, тағы 168 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Осыған дейін 4 адам мерт болып, 16 адам із-түссіз жоғалып, 80 адамның жарақат алғаны туралы хабарланған болатын.

Тропикалық «Мучжигэ» тайфуны Гуандун провинциясының жағалауларында 4-қазан күні түстен кейін болған. Табиғи апаттан арал саналатын Хайнань провинциясы да зардап шегіп отыр.

Жексенбінің кешінде күшті жел Гуанси-Чжуан автономды ауданынан жетіп, Синьхуа агенттігінің мәліметтерінше, 870-тен астам адам қауіпті аймақта қалып, 50 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.  

Табиғат апаттың салдарынан ауыл шаруашылығы алқаптары мен шаруашылық нысандарына үлкен шығын келді.   

 

Хабарламаларға жазылу