Қытайдың оңтүстігін су тасқыны жайлады
Қытайдың оңтүстігін жауын-шашын мен су тасқыны жайлады. Табиғи апаттан 70 мыңнан астам адам зардап шеккен. Апатты аймақтардан тұрғындар жаппай көшіріліп жатыр. 4,5 мың гектардай егін алқабы су астында қалды. Өңір жартылай электр жарығынсыз отыр. 7 ауылды байланыстырып тұрған жол бұзылған. Үйлер, көліктер мен дүкендер суға батты. Жағдай одан әрі қиындай түсуі мүмкін. Себебі, бұл жерде жауын-шашын маусымы басталып жатыр. Сондықтан, аймақта қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, тасқыннан 14 миллион доллардан астам шығын келген. Тасқын жүрген аймақтарда құтқару, қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект негізіндегі телемедицинаның келешегі зор
20.05.2026, 20:59
Өндіріс пен инфрақұрылым: Алматы облысындағы ірі жобалардың жайы
20.05.2026, 20:57
Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды
20.05.2026, 20:14
Жанар-жағармай қымбаттады
20.05.2026, 20:13
Маңғыстауда ірі мұнай компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды
20.05.2026, 20:12
Қазақстанда музей саласының болашағы талқыланды
20.05.2026, 20:11
Кенеден келетін кеселдің алдын алу шаралары жүргізілуде
20.05.2026, 20:10
Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 139-ға жетті
20.05.2026, 20:09