«Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобаның қатысушыларына байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобаның қатысушыларына байқау жариялайды

14.06.2022

«Balapan» телеарнасы «Білім бәйгесі» атты жаңа зияткерлік мегажобаның қатысушыларына байқау жариялайды. Бағдарламаға республика бойынша 7-8 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады. Жоба – балалардың бойындағы сыни және креативті ойлау қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Әрі коммуникативтік дағдыларын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ашу – басты мақсат. Жобаға қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын ашық жеткізе алатын, сабақ үлгерімі жақсы әрі логикалық ойлау қабілеті жоғары, жаңа ортаға тез үйренетін, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете алатын оқушылар қатыса алады. Егер балаңыздың жасы 7-8 аралығында болса кестеде көрсетілген мына сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет. Тіркеу 2022 жылғы 23 маусымға дейін жүргізіледі. Қосымша ақпарат үшін экранда көрсетілген нөмірге хабарласуға болады.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу