«Балапан» телеарнасы танымдық-интеллектуалдық бағыт бойынша аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасы танымдық-интеллектуалдық бағыт бойынша аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

01.04.2016
«Балапан» телеарнасы танымдық-интеллектуалдық бағыт бойынша аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Балапан» телеарнасы танымдық-интеллектуалдық бағыт бойынша аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды.

Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2016 жылдың 30 наурызы мен 8 сәуірі аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасы мекенжайы бойынша қабылданады.

Бағдарламаның жанрлық бағыты  танымдық-интеллектуалдық, ұзақтығы  20-40 минут, аудиториясы 5 жастан жоғары, тілі қазақша болуы шарт.

Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы керек. Ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі.

Толық ақпаратты 8 (717) 2 55 38 01 телефон нөміріне хабарласып біле аласыздар. 

Электронды мекенжайымыз: balapan@kaztrk.kz  

Хабарламаларға жазылу