Шымкенттте заңсыз алкоголь өнімін өндіріп келген жасырын цех анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттте заңсыз алкоголь өнімін өндіріп келген жасырын цех анықталды

14.06.2022

Шымкенттте заңсыз алкоголь өнімін өндіріп келген жасырын цех анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша тінту кезінде арақтың бірнеше түрінен 3 мыңға жуық бөтелкедегі ішімдік тәркіленген. Сондай-ақ, 1 мың литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 мыңнан астам бос бөтелкелер табылды.

Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз хатшысы:
Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 млн 531 500 теңге айыппұл салынды. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылады.


Хабарламаларға жазылу