Шымкентте 44 миллион теңгенің жабдығын ұрлағандар ұсталды
Шымкентте майнингтік фермадан 44 миллион теңгенің затын ұрлап кеткендер жазаға кесілді. Қарақшылық жасаған үшеу 5 жыл мерзімге сотталды.
Тергеу барысында белгілі болғандай олар ферманың қоршауын бұзып өтіп, криптовалюталарды жинауға арналған 46 жабдықты бөлшектеп алып шыққан. Алайда, көп ұзамай бейнебақылау камерасына түсіп қалған көлігі арқылы табылды. Қылмыстық топтың бір мүшесі майнингтік фермаға бұдан алдын электрик ретінде барғаны және дәл осы азаматтың қылмысты ұйымдастырғаны белгілі болды. Күдіктілер кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды өтеп берді.
Ал майнингтік ферманы жүргізу дерегі бойынша материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27
Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды
29.09.2026, 17:25
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
29.09.2026, 17:22
Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған
29.09.2026, 17:20