Маңғыстауда шұбат мерекесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда шұбат мерекесі өтті

02.09.2014
Маңғыстауда шұбат мерекесі өтті

Ақтауда «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» этнографиялық  күндері ұйымдастырылды. Оның аясында ұлттық салт-дәстүр, жыр-терме, айтыс  дәріптеліп, шұбат мерекесі өтті.

Облыстың әр ауылынан келген шұбат дайындаушылар халыққа ұлттық сусынның қадір-қасиетін түсіндіріп, құнарлылығын насихаттады.

Шара қазақтың қонақжайлылығын көрсете отырып, шипалы шұбатты ұлттық брендке айналдыру мақсатын көздейді.

Өйткені, шұбаттың өкпе, ішек, тері аурулары тәрізді сан-мың дертке дәру екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Мұнда «Бозащы шұбаты», «Қырдың шұбаты», «Аруана шұбаты», «Нар маяның шұбаты»  сияқты сусынның сан түрі бар.

Жазира ӘБІЛ

 

 

Хабарламаларға жазылу