ШҚО-да қымыз бен шұбат негізінде жасалған балмұздақ патенттелетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қымыз бен шұбат негізінде жасалған балмұздақ патенттелетін болды

21.07.2015
ШҚО-да қымыз бен шұбат негізінде жасалған балмұздақ патенттелетін болды

ШҚО-да қымыз бен шұбат негізінде жасалған балмұздақ патенттелетін болды.

Ұлттық зияткерлік меншік институты Шымкент қаласындағы филиалының директоры «Ладушки» тауар белгісінің құқық иегері, жеке кәсіпкер С.Г. Лугинамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында зияткерлік меншік нысандарының түрлері және олардың тіркелуі туралы сөз қозғалды, деп хабарлады Әділет министрлігі.

Нәтижесінде С.Г. Лугина ойлап тапқан «Қымыз және Шұбат негізіндегі балмұздақ өндірісі» атты өнертабысына патент алуға өтінім толтырып тапсырды.

Қымыз бен шұбат негізінде жасалған балмұздақ қазіргі таңда қалада сатылымға шығып, халық арасында сұранысқа ие болуда.

Хабарламаларға жазылу