Түркістан облысында пәтер өртеніп, 8 жасар бала 5-ші қабаттан секіріп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында пәтер өртеніп, 8 жасар бала 5-ші қабаттан секіріп кетті

13.06.2022

Пәтер өртеніп, 8 жасар бала 5-ші қабаттан секіріп кетті. Оқыс оқиға Кентау қаласында болған. Түске таман Төле би көшесінде орналасқан екі бөлмелі пәтерден өрт шыққан. Қызыл жалын тұтанғанда үй ішінде екі жасөспірім болған. Оның біреуі қорыққаннан терезеден секіріп кетіп, ауруханада көз жұмды. Пәтерде қалған 10 жастағы қыз ыстан уланып қалған. Қазір анасымен бірге ем қабылдап жатыр. Әкесі жұмыста болған. Анасы жұмысқа кетерде есікті сыртынан құлыптап кеткен. Сондықтан екі баласы сыртқа шыға алмаған. Өртті өшіруге 9 қызметкер жұмылдырылды. Апаттың себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша өрт электр жүйесінің тұйықталуынан немесе балалардың отпен ойнауынан шығуы мүмкін. Өйткені жалын алғашында асханада тұтанып, сосын басқа бөлмелерге өткен. 

Хабарламаларға жазылу