Қызылордада 2 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 2 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

27.07.2023

Қызылордада бір тәулікте 2 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Екеуі де ауруханада жатыр. 5-қабаттан құлаған 4 жасар қыздың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 2 жастағы сәби ата-анасының назарынан тыс қалған кезде құлап кеткен. Дәрігерлер жағдайы орта ауыр екенін айтады.

Сондай-ақ, осы аптада Шымкент қаласында 7 жастағы бала екінші қабаттың терезесінен құлап, қайтыс болған еді. Жыл басынан бері мегаполисте 4 бала мертіккен.


Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу