Шымкентте туристік орталықтармен халықаралық келісім жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте туристік орталықтармен халықаралық келісім жасалды

10.06.2022

Бүгін Шымкент қаласында Орталық Азиядағы туристік ақпараттық орталықтардың халықаралық слеті басталды. Алғаш рет ұйымдастырылған басқосуға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан республикалары және еліміздің 7 аймағынан визит орталықтары келді. Олар енді «Visit Kazakhstan» деген ортақ атауға топтасып, шетелдік нарықта танылуға күш салмақ. Слетте жаңа туристік маршруттар әзірленіп, «Ұлы Жібек жолын» қайта жаңғырту арқылы туристік ағынды көбейту жайы талқыланды. Осы мақсатта Өзбекстан, Тәжікістан мемлекеттерінің және өзге де аймақтардың 5 туристік ұйыммен екі жақты келісімге қол қойылды.

Ерлан Омаров, Туристік ақпараттық орталықтың директоры:
 Туризм саласының ішінде бағыттар өте көп. Туристік компаниялар және туристік ақпараттық орталықтардың жұмыс істеу маңызы өте жоғары болған соң, осы бағытта мән беріп отырмыз.


Хабарламаларға жазылу