Қазақстан полициясы күніне орай Көліктегі Ішкі істер департаментінде салтанатты жиын өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан полициясы күніне орай Көліктегі Ішкі істер департаментінде салтанатты жиын өтті (ФОТО)

23.06.2015
Қазақстан полициясы күніне орай  Көліктегі Ішкі істер департаментінде салтанатты жиын өтті (ФОТО)

Бүгін Қазақстан полициясы күніне орай  Көліктегі Ішкі істер департаментінде салтанатты жиын өтті.  

Мерекелік шара қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерге арналған «Мәңгі ұмытылмас есімдер» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. 

«Бүгінде қоғам тарапынан тәртіп сақшыларына қойылатын талап өте жоғары. Полиция формасын киген адам заңның, әділеттіліктің көрінісін паш етеді. Сондықтан, қоғамдағы тәртіп, азаматтарымыздың тыныштығы мен өз өмірлерінің қауіпсіздігіне деген сенімі бізге зор жауапкершілік жүктейді»,- деді Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі Ержан Сәденов құттықтауында. 

Мерекеге орай қызметте жоғары нәтиже көрсеткен 130-дан астам тәртіп сақшысына Мақтау грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Хабарламаларға жазылу