«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагоны өртеніп, 5 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагоны өртеніп, 5 адам жарақат алды

14.12.2020
«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагоны өртеніп, 5 адам жарақат алды

«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагоны өртенді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

«14 желтоқсанда таңғы сағат 04:30-да Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданының аумағында орналасқан № 464 айырығы ауданында № 109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына ТЖ департаменті, Апаттар медицинасы орталығы, «ҚазмұнайТеңіз» МӨҚҚ және «ҚТЖ» компаниясыннан барлығы 30 адам, 7 техника және 1 өрт пойызы жіберілді. Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу үшін вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.

Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алған. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді», - деді ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәли.

Болжам бойынша, өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп. Жүк вагоны толығымен жанып кеткен. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру зертханасы жіберілді.


пойыз өртенді Маңғыстау

Хабарламаларға жазылу