СҚО-да сауықтыру лагерьлерінде этноауыл құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да сауықтыру лагерьлерінде этноауыл құрылды

08.06.2022

Теріскейлік балалар жазғы демалыстарында киіз үйлерде тұрып, атқа мінеді, жүн түтіп, алаша тоқиды. Өңірдегі сауықтыру лагерьлерінің жанынан бірнеше этноауыл құрылды. Жалпы биыл еліміз бойынша 2 млн 600 мыңдай оқушы жазғы демалыс орындарына барады. Бұл былтырғымен салыстырғанда 500 мыңға көп. Солтүстікте 52 мыңға жуық жеткіншек қамтылады.

Эльмира Кәленова, тілші:

Биылғы маусымда этонауылда 2600-ден астам бала демалады. Олар өз уақытын қызықты әрі пайдалы өткізу үшін барынша жағдай жасалған. Балалар жаз бойы қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, салт-дәтсүрмен тансады.

Асыл Ахметова – Жамбыл ауданындағы Озерный орта мектебінің мұғалімі. Жұмыстан тыс уақытта әкесіне қолғабыс етіп, жылқы бағады. Жас маман жаз бойы лагерьде балаларға атқа міну мәдениетін үйретпек.

Асыл Ахметова, мұғалім:

Жылқыны қалай ерттеу керек, қалай мініп жүру керек, соны балаларға үйрету үшін арнайылап келдім. Ауылымда мен өзім информатика пәнінің мұғалімі болып жасаймын. Сондықтан балаларға жақын болғандықтан, балаларға тек қана білім жағынан ғана емес, және де біздің жаңағы қазақи салт-дәстүрімізді, қазақи құндылықтарымызды дәріптегім келеді.

Биыл мұндай этноауыл Жамбыл және Аққайың аудандарында құрылды. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, көрме ұйымдастырылды. Балалар қазақтың тарихы мен мәдениетінен сыр шертер жәдігерлерді қызыға тамашалады. Қазан көтеріліп, ұлттық тағамдар әзірленді.

Жанар Сыздықова, Жамбыл аудандық білім бөлімінің әдіскері:

Қымызхана бұрышы, ат әбзелдерімен таныстыру, ағаш өңдеу бойынша өте жақсы шеберік сыныптары жүргізілді. Бұл этноауылымыз өз жалғасын жылда табады.

Балалар асық ату, арқан тартыс, шахмат, дойбы сынды ойындардан сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.

1. Өте үлкен әсер алдым. Ең ұнаған маған балалардың өнерін көрсеткені, әндері, билдері өте керемет болды. Және де бірінші рет атқа мініп көрдім.

2. Маған бұл лагерьде өте қатта ұнады Және де осы этноауылды қайта көркейту өте жақсы идея деп санаймын.

3. Бүгін бірінші рет киім үй көрдім. Іші өте керемет. Қазақи олармен әсемделген.

Өңірде 11 сауықтыру лагерьі жұмыс істеп тұр. Мектеп оқушыларын өлкетану экспедицияларына да жіберу жоспарланған.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу