Атыраулық оқушы есірткі тасымалдағаны үшін бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық оқушы есірткі тасымалдағаны үшін бас бостандығынан айырылды

07.06.2022

Атырауда есірткі тасымалдаған оқушы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жалақысы жоғары курьер қажет екені туралы хабарландыруды әлеуметтік желіден көріп, жұмысқа орналасады. Жылдам баюды көздеген жеткіншек психотроптық заттарды жасырын орындарға жеткізетінін біле тұра, бұл жұмысқа келіскен.

Аса ірі мөлшердегі есірткіні сақтау, тасымалдау және өткізуге бағытталған электронды ақпараттық ресурстарды пайдаланғаны, қылмыстық ниеті бары анықталды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірде жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.


Хабарламаларға жазылу