Есірткі саудасымен айналысқан полицейлерге сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі саудасымен айналысқан полицейлерге сот үкімі шықты

20.01.2014
Есірткі саудасымен айналысқан полицейлерге сот үкімі шықты

Қостанайда есірткі саудасына қатысы бар 10 полиция қызметкеріне сот үкім кесті. Оларға қылмыскерлермен сыбайласты, бас пайдасы үшін ауыр қылмысты жасырып, бүркемеледі деген айыптар тағылды.

 
Бұл іс бойынша барлығы 16 адам жауапқа тартылды. Олардың алтауы - есірткі саудасымен айналысқан әйел. Қылмыстық топ бүгін жазаға тартылған полиция қызметкерлерінің «көмегінің» арқасында, бірнеше жыл бойы әрекет етіп келген. Екі томдық үкімнің мәтіні 500 беттен тұрады. 
 
Сонымен, есірткі саудасын ұйымдастырушы екі әйел 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған төртеуі 8-10 жылға сотталды. Ал қылмыскерлермен сыбайлас болған бұрынғы құқық қорғаушылардың алды 16 жыл, қалғандары 2-ден 6 жылға дейінгі өмірлерін қамауда өткізетін болды. Бәрінің де мүлкі тәркіленіп, шенінен айырылды.
 
Асылбек Жұмағұлов, Қостанай облысының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының төрағасы:
Сот барлық дәлел-дәйектерді жан-жақты зерттеп, істің ақиқатын ашуға тырысты. Көзіміз жеткені, бұл - есірткі саудасын жүзеге асыруға толық мүмкіндігі бар қылмыстық топ. Топта әркімнің атқаратын міндеті, жұмысы нақты белгіленген. Ал полиция қызметкерлері тура мағынасында қылмыскерлермен қоян-қолтық әрекет етіп, олардың сыбайластарына айналған.
 
Дәуренбек  ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу