Елде 300 мың гектардай астық алқабы қысқартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 300 мың гектардай астық алқабы қысқартылды

07.06.2022

Елде 300 мың гектардай астық алқаптары қысқартылды. Оның орнына майлы және жем-шөп дақылдары, картоп пен көкөніс көбірек өсірілуде. Бұл суды молынан соратын күріш, мақта сияқты өнімдерге байланудан аулақ боп, егісті әртараптандыру үшін жасалып отыр.

Жалпы, агроғылымға терең көңіл бөлу керек. Қазір ауылшаруашылығы саласына қолдау күшейген.

Мысалы фермерлерді қолдау мақсатында 140 млрд теңгедей бөлінді. Өнімдерді форвардтық әдіспен сатып алу қаржысы екі есе өсті. 80 млрд теңгеге жетті. Тыңайтқыштардың 50 пайызын мемлекет субсидиялайды. Дизель отыны нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен берілген. Дегенмен, қолда бар мүмкіндікті ғылыммен ұштастырмай, саланы қарқынды дамытып, мол өнім алу қисынсыз.

 Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдау, агроғылымды дамыту, елдің климатына сай келетін, құрғақшылыққа төзімді, түсімі жоғары сорттарды жасап шығару шараларын қабылдау керек. Мол өнім алуға мүмкіндік беретін агротехнологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау керек. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізуге алдын ала келісімшарттар жасау қамтамасыз етілуі тиіс.

Ел жаңа егіс науқанына дейін астықпен толық қамтамасыз етілді. Биыл 13 жарым млн тоннадай бидай жинау жоспары бар. Былтыр құрғақшылықтан түсім төмен болған. Қуаңшылық қайталана қалса, мал басы мен құсты сақтап қалу үшін, 200 мың тонна астық қоры жасалады. Бұған 20 млрд теңге бөлінеді.


Хабарламаларға жазылу