Ұлттар лигасында сенсация: Қазақстан құрамасы Словакияны жеңді
Тағы да жеңіс. Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында қатарынан екінші ойында үш ұпайға ие болды.
Өткен аптада Әзербайжан құрамасын жеңген жерлестеріміз кеше түнде Словакияға қонаққа барған. Трнава қаласында өткен ойын тартысты болды. Магомед Адиевтің шәкірттері кездесудің алғашқы минуттарынан бастап шабуылды үдетті. Абат Айымбетов, Рамазан Оразовтардың есепті ашуға мүмкіндіктері болды. Ал топтың фавориті болып есептелген Словактар керісінше, қорғаныстан шыға алмады. Осының нәтижесінде 26-минутта Аслан Дарабаев қарсылас қақпасынан саңылау тауып, ұлттық құраманы алға шығарды. Екінші таймда Қазақстан ойыншылары қорғаныста сауатты ойнап, словактарға гол соғуға мүмкіндік бермеді.
Осылайша Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен С тобында көш бастады. Енді жұма күні Адиевтің шәкірттері Беларусь командасымен ойнайды
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тегін дәрі-дәрмектер заңсыз сатылған
17.04.2026, 20:16
Жедел жәрдемнің қозғалысын картадан бақылауға болады
17.04.2026, 20:16
Ақтөбеде 19 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды
17.04.2026, 20:15
ТМД Сыртқы істер министрлері кездесті
17.04.2026, 20:13
Әлем чемпионаты $40 млрд пайда әкелуі мүмкін
17.04.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
17.04.2026, 20:10
«Superstar Kz» жобасына іріктеу жалғасып жатыр
17.04.2026, 20:08
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 20:08