Дәл қазір, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша халыққа үндеу жасайды. назарларыңызға ұсынамыз. Иә, Кешегі күн тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірінде тарихи күн болды. Ел бойынша жалпыхалықтық рефрендум өтті. Бұл Ата заңға өзгерістер енгізуге қатысты соңғы 27 жылда өтіп отырған - екінші референдум. Саяси шара - халық билігін жүзеге асырудың төте жолы. Әрі әлемде қазіргідей геосаяси жағдай әлсіреп тұрғанда мұндай шара халық бірлігін арттыра түсетін демократиялық үрдіс екенінде дау жоқ. Демек, кешегі күні әр тұрғын өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, таңдау жасауы - ел болашағы үшін аса маңызды саяси оқиға. Референдумға еліміз бойынша дауыс беруге құқығы бар 12 млн азаматтың 68 пайызы қатысып, таңдауын жасаған. Олардың 77 пайызы Ата заңға енгізілетін өзгертулерді қолдаған.