Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылды – шетелдік байқаушылар
Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шетелдерден келген байқаушылар саяси науқанға осындай баға беріп отыр. Орталық референдум комиссиясы мен мемлекеттік органдар дауыс беру барысында барлық норманың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етті. Учаскелердегі жұмысты ұйымдастыру лайықты деңгейде өтті, құқық бұзушылық болған жоқ, дейді бақылаушылар.
Чжан Мин, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:
Референдум учаскелерінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Халық өте белсенді. Сонымен қатар, қоғамда ертеңгі күнге деген сенім байқалады. Мен барша қазақстандықтарға жарқын болашақ, өсіп-өркендеу тілеймін!
Эльмира Хаймурзина, Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Мен өзім болған учаскелерде халық белсенділігі өте жоғары болды. Тіпті өз таңдауларын жасау үшін кезек күткен адамдарды да көрдім. Отбасыларымен келіп дауыс бергендер де бар. Мұның барлығы азаматтардың үлкен жауапкершілігін көрсетеді. Учаскелердегі тыңғылықты дайындық, мамандардың біліктілігі, барлығы көрініп тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15