Еліміз саясаттағы әйелдер рейтингінде 193 мемлекеттің арасында 104-орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз саясаттағы әйелдер рейтингінде 193 мемлекеттің арасында 104-орында тұр

05.06.2022

Еліміз саясаттағы әйелдер рейтингінде 193 мемлекеттің арасында 104-орында тұр. Референдум онлайн марафонында гендерлік теңдік тақырыбы қызу талқыға түсті. Елімізде мемлекеттік қызметтегі әйелдер 55 пайызға жеткен. Алайда қыз-келіншектер биліктің орташа немесе төменгі буынында шоғырланған. Үлкен саясатта әйелдер саны аз. Мәселен еліміздегі министр қызметін атқаратын әйелдер үлесі – 10% , Парламенттің қос палатасында – 24%, жергілікті атқарушы органдарда – 22% ғана.



Хабарламаларға жазылу