Қазақстан жасанды интеллектке дайындық индексіне сәйкес 72-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан жасанды интеллектке дайындық индексіне сәйкес 72-орында

05.04.2024

Қазақстан жасанды интеллектке дайындық индексіне сәйкес 72-орында. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» бас директорының айтуынша, Oxford Insights жүргізген Үкіметтің 2023 жылға арналған жасанды интеллектке дайындық индексіне сәйкес, Қазақстан 193 елдің арасында 72-орында тұр. Рүстем Биғари, брифингте еліміз жасанды интеллект саласындағы әлемдік жарысқа кешігіп қосылғанымен, қазіргі уақытта елде осы салада түрлі жобалар іске асырылғанын айтты. Алғашқы қадамдар Денсаулық сақтау саласы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жасалды. – деді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу