Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 40-орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 40-орында тұр

21.01.2021
Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 40-орында тұр

Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 180 елдің ішінде 40-орында тұр, деп хабарлайды Finprom.kz.

100 индекстің 69,6-ын алған еліміз «экономика еркіндігі орташа» елдер қатарына жайғасты.

ЕАЭО елдерінің арасында Армения ең жақсы көрсеткішке ие болған. (Индексі 70,6). Бұл ел «айтарлықтай еркін» деңгейінде орналасқан. Ал ең төменгі көрсеткіш Ресей еншісінде. 61 индекспен 94-орында тұр. Бұл елдің де деңгейі - «орташа еркін».

Ал тізімде Сингапур, Гонконг және Жаңа Зеландия көш бастап тұр.

Жалпы, рейтингті 1995 жылдан бері Heritage Foundation зерттеу орталығы жасайды. Сарапшылар экономикалық еркіндік индексін бизнес, қаржы-несие, сауда және инвестиция, еғбек ету еркіндіктерінің көрсеткіші бойынша анықтайды.

Хабарламаларға жазылу