Еуропа Одағы мен Қазақстан цифрландыруды күшейтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Одағы мен Қазақстан цифрландыруды күшейтпек

15.12.2022

«Қазақстан мен Еуропалық Одақ сандық жүйені дамытуда ынтымақты күшейтпек». Еліміздің Бельгиядағы елшілігі ұйымдастырған Брюссельдегі жиында тараптар өзара байланыс, цифрландыру мәселелерін талқылады.

Еліміз биыл БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту рейтингінде 193 елдің арасында 28-орынды иеленді. Ал ТМД елдері бойынша бірінші орында. Қос тарап өкілдері IT мамандарын бірігіп даярлау, киберқылмыспен күресте күш біріктіру керек екенін жеткізді.

Самуэль Довери, Вестербю, Еуропалық көршілестік кеңесінің басқарушы директоры:

Еуропалық Одақ қауіпсіздік, бизнестің өзара байланысы, Транскаспий дәлізі арқылы Орталық Азия елдерімен тәжірибе алмасуды күшейтуі тиіс. Қазір ақпарат ұрлау, киберқылмыс көбейді. Онымен күресу үшін құрылымдардың өзара байланысын арттыру қажет.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу