Санақтан онлайн өткендер саны 7 млн-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санақтан онлайн өткендер саны 7 млн-нан асты

11.10.2021

Санақтан онлайн өткендер саны 7 миллионнан асты. Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 913 мың адам санақтан өткен. ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Владимир Соколин шараның ұымдастырылуына жоғары баға берді. Халық санағы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін ол Нұр-Сұлтан қалалық статистика департаментіне барды. Кейінірек ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Байқоңыр аудандық әкімдігі ғимаратында орналасқан инструкторлық учаскеге жұмысымен танысты. Мұнда жауапты уәкілдер мен инструктор-бақылаушылар жұмыс барысы мен туындаған мәселелерді қалай шешіп жатқандығы туралы толыққанды айтып берді.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу