Халықтың 60,8% дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың 60,8% дауыс берді

05.06.2022

Орталық референдум комиссиясы Дауыс берушілердің ақпаратын жаңартты. Бірқатар өңірде халықтың белсенділігі артты. 

Асима Нұрбайқызы:
Орталық референдум комиссиясына келіп түскен қазіргі ақпарат бойынша халықтың 60% өз таңдауын жасады. Яғни дауыс беруге құқы бар 12 млн-ға жуық адамның жартысынан астамы қатысты. Заң бойынша референдум өткен болып есептеледі. Бірақ бұл Ата заңның жаңа нұсқасы қабылданғанын білдірмейді.
Өйткені олардың өзгерісті қолдап немесе қолдамағаны дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады. Ал жалпы қазақстандықтардың саяси шараға белсенділігі жоғары. 7 млннан астам адам референдумға келді.
Қызылорда облысының қарқыны қызу. 72 пайыздан асты. Түркістанда да көрсеткіш осындай. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан өңірі 69 пайыздан асты. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының тұрғындары да белсенді. Дегенмен учаскелер кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу