Семейде жалпы 149 учаске жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде жалпы 149 учаске жұмыс істеп тұр

05.06.2022

Семейде референдум барысы қалай болып жатыр екен?

Ержан Жақып, тілші:

Бүгін таңертеңнен бері қалада нөсер жауын жауды. Соған қарамастан тұрғындар, лек-легімен келіп референдумға қатысып жатыр. Күн ашылғандықтан түске қарай, дауыс бершілердің белсенділігі одан әрі арта түскен. Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін референдум учаскелерінде концерттік бағдарламалар, көрмелер ұйымдастырылды. Қалада жалпы 149 учаске жұмыс істеп тұр. Оның 19-ы жабық учаскелер. Аумақтық референдум комиссиясы мамандарының ақпаратынша ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу