Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады

05.06.2022

Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады. Оның 209-ы 11 халықаралық ұйымның атынан тіркелген. Ең көбі – ТМД елдерінен келген байқаушылар.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Қазір біз тұрған референдум учаскесіне таңдаушылар бірте бірте келіп жатыр. Дауыс беру барысын байқаушылар куә болуда. Байқаушылардың дені - Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінен келген. Орталық референдум комиссиясы хабарлағандай бүгінгі шараны бақылауға жалпы саны 25 мемлекеттің атынан 63 байқаушы аккредитациядан өткен. Олардың ең көбі ТМД елдерінен келген. Қазір 144 байқаушы дауыс беру барысын қалт жібермей қадағалап тұр.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу