Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады

03.06.2022

Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады. Оның 209-ы 11 халықаралық ұйымның атынан тіркелген. Ең көбі – ТМД-ның байқаушылар миссиясы. 144 адам. Қалғаны – Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінен келеді. Сонымен қатар 25 мемлекеттің атынан 63 байқаушы аккредитациядан өтті. Оның ішінде Армения, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Жапония, Нидерланды, Ресей, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Швеция, Эстония секілді елдерден келетіндер бар. 

Хабарламаларға жазылу