Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады

31.05.2022

Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысады. Оның ішінде 11 халықаралық ұйымнан 209 байқаушы аккредитациядан өткен. Арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясы, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Еуропалық Одақ өкілдігінің мүшелері бар. Олар осы жексенбіде өтетін референдумды бақылап, ел бойынша орналасқан учаскілерге барады. Жиында сондай-ақ, референдумға дайындық жұмыстары пысықталды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың саяси шараға толыққанды қатысуы үшін, инва-такси және сурдо аудармашылар қызметі қолжетімді болмақ. Барлық мәлімет орталық референдум комиссиясының сайтында көрсетілген, ал өтініштерді ай-көмек пен аймақтардағы колл орталықтарға хабарласып жеткізуге болады. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу