Референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысып жатыр

05.06.2022

Республикалық референдумға 272 халықаралық байқаушы қатысып жатыр. Оның 209-ы 11 халықаралық ұйымның атынан тіркелген. Ең көбі – ТМД-ның байқаушылар миссиясы. 144 адам. Қалғаны – Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінен келген. Сонымен қатар 25 мемлекеттің атынан 63 байқаушы аккредитациядан өтті. Оның ішінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Жапония, Нидерланды, Ресей, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Швеция, Эстония секілді елдерден келген байқаушылар да бар.


Хабарламаларға жазылу