Жастар өзгерісті қалайды. Таразда осындай атаумен Ауыл халықтық демократиялық партиясының белсенділері мен студент жастардың форумы өтті. Онда 5-ші маусымдағы референдумға өңір жастарының да үлесі маңызды екені талқыланды. Әсіресе, Ата заңға енгізілетін өзгертулердің негізгі тұстары түсіндіріліп, кеңінен тарқатылды. Бұдан бөлек, форумда партияның облыстық филиал төрағасы жастармен кездесу өткізіп, олардың ой-пікірін тыңдады. Ел тарихындағы маңызды іс-шарада өскелең ұрпақтың да дауысы аса қажет екенін айтты.
Ерболат Саурықов, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы:
«Біздің жастарымыз оның ішінде мынау «Ауыл» партиясының жастары, соның Жамбыл облысы бойынша мүшелері бұл референдумның еліміз үшін, жеріміз үшін, өскелең ұрпақ үшін және халықтың болашағы үшін аса маңызды екенін біз біліп отырмыз».