Шанхай ынтымақтастық ұйымы жалпыұлттық референдумға байқаушылар миссиясын ұйымдастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы жалпыұлттық референдумға байқаушылар миссиясын ұйымдастырады

03.06.2022

Шанхай ынтымақтастық ұйымы жалпыұлттық референдумға байқаушылар миссиясын ұйымдастырады. Президент ұйымның бас хатшысын қабылдауында соған ризашылығын білдірді. Чжан Мин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп отыр. Кездесуде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту сияқты мәселелер талқыланды. Қыркүйекте Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бас хатшы соның дайындығы туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Шанхай ынтымақтастық ұйымы шын мәнінде, қайшылық туғызатын ұйым емес. Оның қызметі конструктивтілікке, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Сонымен қатар бұл Ұйым халықаралық жағдайды жақсартуға зор үлес қосуды көздейді. Сондықтан Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына белсенді қатыса береді және оның әлеуетін нығайтуға өзінің елеулі үлесін қосады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу