Финалисма- 2022: Аргентина құрамасы чемпион атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Финалисма- 2022: Аргентина құрамасы чемпион атанды

02.06.2022

Футболдан «Финалисма 2022» чемпионатында Оңтүстік Америка кубогының жеңімпаздары Аргентина командасы чемпион атанды. Ақтық бәсекеде Еуропа чемпиондары - Италия құрамасымен кездескен ойын 3-0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймның 28 минутында Мессидің қапталдан берген пасын Лаутаро Мартинес сәтті пайдаланып, матчтың алғашқы есебін ашты. Ал бірінші таймның аяқталар тұсында Анхэль Ди Марияның қақпаға бағыттаған соққысы есепті 2:0-ге жеткізді.

Ойынның соңғы нүктесін аргентиналық ойыншы Пауло Дибала қойып, есепті 3:0-ге жеткізді. Осылайша Аргентина құрамасы «Финалисманың» жаңа кубогын иеленді.


Хабарламаларға жазылу