Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанды

03.10.2022

Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзі көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан чемпион атанды. Спортшыларымыз ақтық бәсекеде Қырғызстан құрамасымен кездесіп, 4:3 есебімен ұтты. Көкпар көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет енгізілген. Ал бұған дейін Қазақстан қоржынына 1 алтын және екі күміс медаль түскен.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу