Қаңтар оқиғасы кезінде зорлық-зомбылық, қирату және билік өкіліне қарсы күш қолданудың ең ауыр фактілері Алматыда тіркелді. Бүгін Бас прокуратура осы қалада жасалған қылмыстардың мән-жайын айтты. Ғимараттарды басып алу, өртеу және қарулы шабуылдар кесірінен Алматы қаласы бойынша алдын-ала шығын 98 млрд теңге болған. Оның ішінде 1592 кәсіпкерлік нысанға 92 млрд теңге залал келген. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар полиция мен әскерилерге шабуыл жасады. Сол кезде құрылымдық күштердің 9 қызметкері қаза болып, 2260-ы дене жарақатын алған. Қозғалған қылмыстық істер бойынша 1 мыңнан астам күдікті бар. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:
Қаңтар оқиғасы кезінде жасалған барлық қылмыстар бойынша тергеу органдарымен Алматы қаласында барлығы 1066 қылмыстық іс тергелуде. Оның ішінде 5-і жаппай тәртіпсіздік, 5-і терреоризм актілері бойынша. Соттың санкциясымен 205 адам қамауда.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаңтар оқиғасы: Алматыда 1066 қылмыстық іс тергелуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/158705/)