«Қаңтар оқиғасы»: Қызылордада 72 қылмыстық іс тергелуде
Қызылордада «қаңтар оқиғасы» бойынша мыңға жуық адам тергеуге алынған. Соның 103-іне қылмысқа қатысы бар деген күдікпен түрлі айып тағылып отыр. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз прокуратураның соңғы мәліметтерін тікелей эфирде баяндауға әзір.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Қазір жаппай тәртіпсіздікке қатысты барлығы 72 қылмыстық іс қаралуда. Соның ішінде терроризм актісімен 5, адам өлтіру дерегімен екі ауыр айып тағылған. Қылмысқа барғандардан 6 атыс қаруы, 63 оқ тәркіленді. Соттың санкциясымен 103 күдіктінің 63-і қамауға алынды. Денсаулығы мен отбасылық жағдайына байланысты 40 адамға бұлтартпау шарасы қолданылған. Сондай-ақ, ұсталғандардың арыз-шағымына сәйкес полиция қызметкерлерінің де теріс іс-әрекеттері тексерілуде.
Мақсат Қазиев, облыс прокурорының бірінші орынбасары:
Жеткізілгендер мен ұсталғандарға қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану бойынша уәждерін тексеру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 12 іс тергелуде. Аталған фактілерге жол бермеу бағытында тәуліктік кезекші прокурорлармен қамтамасыз етілді.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сондай-ақ, прокурорлардың араласуымен 18 күдікті тергеу иззоляторынан үй қамаққа ауыстырылған. Ал бір адамның қаңтар оқиғасына қатысы жоқ екені дәлелденіп, уақытша ұстау изоляторынан босатылды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады
12.07.2026, 11:25
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05