Мемлекет басшысы «Алматы БалаFEST» фестивалінің қорытынды кешіне қатысып, жарыс жеңімпаздарымен кездесті
Мемлекет балалардың талабын ұштап, дарынын ашуды жылдан жылға күшейте түседі. Бүлдіршіндерді халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаған Президент осылай деп мәлімдеді.
Мемлекет басшысы мерекеге орай «Алматы балафест» фестивалінің қорытынды кешіне қатысып, жарыс жеңімпаздарымен жүздесті. Мереке күні Алматының ботаникалық саябағына бір ай бойы байқауға қатысқан әртүрлі жастағы мыңға жуық бүлдіршін келді. Қалада мұндай ауқымды балалар фестивалі алғаш рет өтіп отыр. Сайысқа 300 мыңнан аса оқушы қатысып, 900-ден аса бала жүлдегер атанған.
Нұрилә Тәжіқұл, фестиваль жеңімпазы:
Менің арнайы осы фестиваль үшін жасалған кітапшам бар. «Қазақтың Құлагері» деген өлең шығарған болатынмын. Қазақстанды дамытатын, Қазақстанның медициналық деңгейін жоғары көтеретін білікті дәрігер болғым келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02