Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов студент жастар және ұстаздармен кездесіп, саяси қуғын-сүргін жылдарының зардабы жайында тың деректерді бөлісті. Зұлмат жылдарды еске алуға арналған кездесуде ғалымдар «ақтаңдақтардың ақталуы» жайындағы зерттеулерін ортаға салды. Вице-премьер 2020 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған мемлекеттік комиссияның ауқымды жұмысы жайында баяндады. Қазір, көптеген құпия құжаттар табылып, жазықсыз құрбандарды ақтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Мемлекеттік комиссияның жұмысына байланысты біраз нақты деректер ортаға салынып, ғалымдармен бөлісілді. Әсіресе елдің болашағына керек құпия құжаттарды қорлардың ішіндегі материалдардың барлығы құпиядан шығарылып елге жеткізіліп жатыр. Оның бәрі елге керек.
Сәбит Әлдебай