Ералы Тоғжанов «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының VI Съезіне қатысушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының VI Съезіне қатысушылармен кездесті

13.07.2022

Ералы Тоғжанов «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының VI Съезіне қатысушылармен және делегаттармен кездесті. Қызу пікірталас барысында вице-премьер қатысушылардың сұрағына жауап беріп, үкіметтің жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және басқа да өзекті мәселелерді шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Ералы Тоғжанов бүгінде елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,4, ал еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын жастар 7,2 пайыз екенін атап өтті.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Білімді азамат – өзін еркін сезінеді. Білімді азамат болашағына айқын қарайды. Білімді азамат қалай өмір сүру керек, қай бағытта жүру керек екенін де ол азаматтар біледі. Сондықтан білімді азаматтар ерте өзінің бағытын анықтайтынына менің күмәнім жоқ. Соған талпыну керек.


Хабарламаларға жазылу