Ералы Тоғжанов отандық вакцина шығаратын зауыттың құрылысын көрді

24.11.2020

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт келер жылы іске қосылады. Мұнда 60 миллион дозаға дейін биопрепарат өндіру жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан бірегей нысанның құрылысы қазір қарқынды жүріп жатыр. Мұнда әлемдік стандарттарға сай түрлі инфекцияға қарсы вакциналар өндіріледі. Зауытты көрген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов құрылыс сапасына баса мән беруді тапсырды. Сондай-ақ вице-премьер Қордай ауданында болып жергілікті тұрғындармен де кездесті. Интернет, ауызсу, газ, сияқты маңызды мәселелер шешілген елдімекендерде болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды көріп шықты. Ералы Тоғжанов індетт асқындырмау үшін халықты дәрі-дәрмекпен қаматамасыз етіп, сапалы медициналық қызмет көрсетуді тапсырды. 

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Елімізде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Сонымен қатар мына 5 дәрінің түрімен әрбір үйге керек жағдайда арнайы мобильді топтармен шығу арқылы азаматтарымыз аптекаларға шығып жүрмес үшін сондай мүмкіндікті жасап отырмыз. 

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов жұқпалы ауралар ауруханасы ретінде қайта жасақталған жаңа нысанды аралап көрді. 3 блоктан тұратын аурухана 200 төсек орынға шақталған. Тамыз айының басында басталған жабдықтау жұмыстары қазір толық аяқталды. Бұдан өзге, вице-премьер медициналық мекемелерге жедел жәрдем көліктерінің кілтін табыс етті.

Сәбит Әлдебай

коронавирус вакцина

Хабарламаларға жазылу