Қазақстандық оқушылар Францияның Нормандия аймағында өткен дүниежүзілік гимназиададан 86 медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар Францияның Нормандия аймағында өткен дүниежүзілік гимназиададан 86 медаль жеңіп алды. Әлемдік додаға тұңғыш рет қатысқан спортшыларымыз 63 елдің ішінде 3 орын иеленді. Олар 18 спорт түрінен бақ сынап, қарсыластарынан басым түсті.
Ермек Ерасыл, Дүниежүзілік ХІХ жазғы гимназиаданың жеңімпазы:
Бокспен айналысқаныма 9 жыл болды. Жарысқа 2-3 дайындалдық, көптеген сборлар өттік. Осы жарыста үш жекпе-жек өткіздім. Ақтық сында Франция боксшысымен шығып, 3 раундта жеңдім. енді Испанияда өтетін әлем чемпионатына дайындалпы, сол жарыста да чемпион болу үшін бар күшімізді саламыз.
Марапаттау шарасына арнайы келген Пемьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жеңіске жеткен спортшыларды құттықтап, жеңімпаздар арасындағы 50 түлекке дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша жоғары оқу орнына мемлекеттік білім беру грантын табыстады.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Бұл үлкен еңбектің арқасы. Ең алдымен осы ата-аналардың, сөз жоқ бапкерлердің еңбекетері осындай үлкен жеңіске атсалысқан бүкіл азаматтарға алғыс білдіреміз. Мұның бәрі мемлекеттің жағдай жасағанының арқасында. Тәуелсіз қазақстанда мықты жас буынның бар екеніне дәлел.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12