Басты Жаңалықтар Балабақша: Сан мен сапа қандай?

Балабақша: Сан мен сапа қандай?

Мамырдың соңында мектепке дейінгі мекемелерде орындар босап, балалар қабылдана бастайды. Соңғы жылдары мемлекеттік балабақшаларға электрондық жүйе арқылы кезекке тұрып, орындарды бөлу де онлайн өтіп жатыр. Бұл кезде ата-аналар сайтты сағаттап аңдып, әйтеуір бір балабақашаға іліксек деп жанталасып жатады. Үйге қаншалықты алыс-жақындығы, басқа да факторлар еленбейді. Өйткені балабақша тапшы. 

Күн сайын балаларға қатысты жантүршігерлік оқиға естіп жатамыз. Осы аптада Ақмола облысында 3 жасар сәби көпқабаттты үйдің терезінен құлап қалса, өткен жұмада Алматы облысында 5 жасар бүлдіршіннің мәйіті қоқыста табылған еді. Айтудың өзі қиын: бірақ оның басы денесінен 5 метрдей қашықта бөлек жатқан екен. Бүлдіршін сал ауруына шалдыққан деседі. Күдікті ретінде анасы мен ағасы қамауға алынған. Ал Теміртауда 3 жасар бала түнде жалғыз өзі жүргені де жүректі ауыртты. 12 сағаттан кейін полицейлер бүлдіршіннің туыстарын тауып, анасы іссапарда жүргені, оған әжесі мен ағасы қарап қалғаны анықталды. Әрине, ең алдымен, бөбектер үшін ата-аналар жауапты. Ішінен шыққан бөпесін қоқысқа лақтырып тастау сияқты айуандықты ақтай алмаймыз. Бірақ баласын асырау үшін күнкөріс қамымен жүріп, айлығын шайлығына жеткізе алмай, жанталасып өмір сүретін отбасыларды да аяйсың. Әрдайым бала өмірі мен қауіпсіздігі ең маңызды дүние болуы тиіс. Ал «балалар жылы» деп атай отырып, баяғы проблемаларды шеше алмауымыз қынжылтады. Бұл мәселеге байланысты депутат Динара Зәкиеваның пікірін тағы қайталап берсек. 

Динара Зәкиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз балалар жылына арналған жоспарларын қарап шықтық. Оған білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, 48 млрд теңге бөлінген. Ал өңірлердің ақпаратына сәйкес, 100 млрд теңге бөлінді. Бірақ, өкінішке қарай іс-шаралардың ішінде 70-75 пайызы спартакиадалар, конкурстар т ,б. Бірақ мұндай іс шаралар әр жыл сайын өткізіледі ғой. Мысалы бүкіл балаларды тегін, түскі аспен қамту, немесе балаларға автобустар тегін болса, бүкіл ауылдарда спорт кешендерін салуға болушы еді.

Депутаттың тізіміне балабақшаларды да қосуға болады. Жыл сайын мектепке дейінгі мекемелердің жетіспейтінін жырлаймыз. Мемлекеттіктерде орын үшін талас, ал жекеменшіктер жүгенсіз кеткен. Амангелді Сейтханның материалы.

Бұл бір ай бұрын ғана Елордадағы жеке меншік балабақшалардың бірінде болған жағдай. Тәрбиешілер бүлдіршінді шапалақпен ұрып жатыр. Жеке орталықта жалпы 60-тан астам бала болған. Соның бірі Әйгерім Аманованың ұлы. Ол осы оқиғадан кейін баласын басқа балабақшаға да ауыстырмай, өзі үйінде бағып отыр. Себебі, қорқып қалған.

Әйгерім Аманов, қала тұрғыны:

Бір апайға 30 бала. Қалай ол қарай алады. Балаларға дұрыстап қарамайды. Сосын балалар келеді. Анда синьяк, мында синьяк. Не апайлардан сұрасаң білмейді, ештеңе. Өйткені олар үлгермейді.

Ал, білім және ғылым министрлігі бұл балабақшаның заңсыз жұмыс істеп келгенін айтты. Яғни, мекеме бір жылдан бері білім беру басқармасына тіркелмеген. Себебі, қазір балабақшалар кәсіпкерлік нысан саналады. Сондықтан, ашылған кезде айтарлықтай талап қойылмайды.

Майра Мелдебекова, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары:

Ашылатын кезде мына СЭС құжаттарын, пожарный справкаларын алады, сонымен жұмыстарын бастайды. Мәселе, сонда туындап тұр ғой. Егер құрылтайшысы хабарлама бермеген жағдайда басқарманың да, департаменттің де тізімінде болмауы мүмкін.

Ал, жеке балабақшаларды тексеруге заң бойынша 5 жыл сайын ғана рұқсат бар. Дегенмен, соңғы кезде балабақшада баланы ұрып-соғыпты деген ақпарат жиілеп кетті. Сондықтан, министрлік енді жеке балабақшаларға лицензиялау енгізбек. Бірақ, балабақша иелері оған қарсы. Себебі...

Бану Әлкенова, жекеменшік балабақша меңгерушісі:

Құрылтайшыларға бұл жасалатын тағы да бір саты ғой. Ақшаның сатысы. Ол белгілі бізде бар құжаттар. Біз қазір оны аламыз да электронды түрде толтыра саламыз. Лицензия үшін. Ол қиын емес. Бірақ, ана жақтан бір түрткі келеді, мына жерді дұрыста, мына жерді дұрыста деген. Сонда уже шаршаған құрылтайшы барып сұрайды, шаршап кеттік қой бір құжатты үстін-үстін әкеліп жүйеге тізе беруге деп.

Бұл қауіпті «Атамекен кәсіпкерлер палатасының» өкілдері де қостады. Олар бұл шағын кәсіпті тығырыққа тіреу,-деп есептейді.

Бейсен Жолболдиев, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры:

Лизенцияны енгізуге болмайды. Өйткені бұл қосымша кедергі мен жемқорлыққа алып келеді. Лицензияны енізетін болса, құжаттарды қайта тексеріп, оны тапсыру керек. Олар тиісті шығындарға алып келеді.

Дегенмен, білім және ғылым министрлігі жемқорлық қаупі алдын ала ескеріліп, барлық жүйе автоматтандырылған,-дейді.

Майра Мелдебекова, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары:

Ондай рисктер жоқ мүлде. Жалпы процесс автоматтандырылған. Бұл жерде жеке құрылтайшы мен лицензия беру қызметкері арасында тікелей байланыс мүлдем жоқ.

Лицензиялауды енгізу ұсынылса да, оның нақты талаптары әлі белгісіз. Бірақ, негізгі басымдық тәрбиешілердің білімі мен білігіне қатысты болмақ. Яғни, дипломсыз мамандар жұмыстан шығарылуы мүмкін. Ал, бұл талап балабақшаларға тиімсіз, себебі маман онсызда жетпейді.

Бану Әлкенова, жекеменшік балабақша меңгерушісі:

Мемлекеттік балабақшада ол тапшылық. Кадр деген жеткіліксіз. Ертең лицензиялау басталғанда малокомплектный дейді ғой балабақшалар бәрі түгел жабылады, не болмаса подполный жұмыс істейді, ол туралы ешкім білмейде қалады.

Сайра Жиенбаева, Еуразия ұлттық университетін әлеуметтік педагогика өзін-өзі тану кафедрасының профессоры:

500-700 гранттай бөлініп отыр бүкіл Қазақстандағы 21-22 жоғары оқу орны болса, соларды грантпен қамтамасыз етіп жатыр. Бірақ енді өзіңіз ойлаңыз, егер жылына 700 бітіруші елдегі соншама балабақшаны кадрмен қамтамасыз ете ала ма, ете алмайды. Сондықтан да санын 2 есе көтеру қажет пе деп ойлаймыз.

Ал, бұл мамандықты ақылы негізде оқитындар аз. Себебі, кейін айлығы төмен. Тіпті, осы мамандыққа грантта түскендер де кейін басқа оқуға ауысып кетеді.

Айдана Жұмабаева, балабақша тәрбиешісі:

Группаластарымның біреуі де бұл мамандыққа өзі қалап түскен емес. Осы жылы бітіреміз. Олар қайтадан ҰБТ тапсырып, басқа мамандыққа ауысқысы келеді.

Динар Нөкетаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Балабақшадағы қызметкерлердің 50 пайызы мектепке дейінгі білім беру бойынша оқымағандар. Ал, олардың орташа айлығы бар болғаны 120 мың теңге. Бұл аз. Қызметкерлерге әлеуметтік жағдайының жасалмауы, әрине, жұмыста олардың психологиялық көңіл-күйіне әсер етеді. Сондықтан, тәрбиешілердің әлеуетін арттыру маңызды.

Кадр жетпейтіні былай тұрсын, бізде қазір балабақша жеткіліксіз. Елімізде барлығы 11 мыңға жуық балабақша болса, соның жартысынан астамы жекеменшік. Оның өзін де ұзын-сонар кезек.

Манара Адамова, ҚР БҒМ Балаларды ерте дамыту институты диреткоры:

Бүгінгі күні 328 мың 278 бала кезекте тұр. Және де ол кезектілік жыл соңына қарай азаяды. Бізде қыркүйек пен қарашада кезектіліктің аз болатын айы. ол жерде 20 мыңнан 50 мыңға дейін. Шынайы көрсеткіш осы.

Статистикаға сенсек, үлкен қалалардағы халық саны мен туу көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Ал, балабақша мәселесін шешу үшін биыл жаңадан 106 мың орындық балабақшалар ашу жоспарланып отыр. Ал, олардың қаншалықты талапқа сай болатыны екінші сұрақ. Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде аттестациялау басталған. Содан бері тексерілген балабақшалардың 70 пайыздан талапқа сай келмейтін болып шыққан. Ал, мемлекет тарапынан жүргізілетін мұндай тексерулер 2017 жылы уақытша тоқтатылған болатын. Себебі, балабақша бизнес нысаны болғандықтан, тексеру кәсіпке кедергі саналады. Бірақ, бала тәрбиелеуді бизнеске айналдыру қаншалықты дұрыс?

Амангелді Сейтхан

Бөлісу