Донбасс үшін шайқас: Украинада қарулы қақтығыстар жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Донбасс үшін шайқас: Украинада қарулы қақтығыстар жалғасып жатыр

28.05.2022

Ресей армиясы Украинаның шығысындағы Северодонецк қаласын қоршауға жақын. Сондықтан Украина әскері ол жерден шығарылуы мүмкін. Мұны Луганск облысының губернаторы Сергей Гайдай мәлімдеді.

Ресей қарулы күштерінің мақсаты – Донецк және Луганск облыстары кіретін Донбассты толық алу. Бұл индустриалды аймақтың кейбір аудандары 2014 жылдан бері Мәскеуге жақтас сепаратистердің бақылауында. Бүгінде Украина Ресейге шығыста тойтарыс беру үшін Батыстан жүздеген шақырым жердегі нысандарды жоятын артиллериялық қару сұрап отыр. АҚШ әзірге Киевке ондай арсенал ұсынған жоқ. Дегенмен, кейбір мәліметтерге қарағанда, Украина мен Құрама Штаттар жақында бұл мәселені талқылаған. Жұма күні ресейшіл көтерілісшілер Донбасстағы Лиман қаласын басып алғанын жариялады. Бұны Мәскеу растағанымен, Киев мойындаған жоқ.

Владимир Зеленский, Украина Президенті:

Ресей басшысымен талқылайтын дүниелер бар. Халқымыз онымен сөйлесуге ынталы деп айта алмаймын, сол ынтаның жоқтығын атап өткім келеді. Біз бұл кездесуден нені қалаймыз? Бәріміз кейбір нәрселерді қайтарғымыз келеді, қалыпты өмірге оралуға тиіспіз және территорияларымыздың қайтарылғанын қалаймыз.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу