Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлерін марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлерін марапаттады

28.05.2022

Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлеріне арнайы марапаттар табыстады.

Түркі мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Абай, Низами және Шыңғыс Айтматов атындағы төсбелгілерді ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раев табыстады. Ал ең жоғарғы «Алтын» белгі марапаты қылқалам шебері Сейсенхан Маханбетовке бұйырды.

Ұйымның бас хатшысы түркі руханияты мен мәдениетінің дамуы жолында қалам тербеп жүрген азаматтарды, алдағы уақытта шығармашылық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Сұлтан Раев, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы:

Біздің ұйымға 14 мемлекет кіреді. Оның ішінде жетеуі – тұрақты, жетеуі – байкаушы. Біздің негізгі мақсат, миссиямыз – түркі дүниесіндегі мәдениетін орнықтыру, жандандыру, мәдени интеграцияны күшейту. Бұл – біздің негізгі функциямыздың бірі. 


Хабарламаларға жазылу