Бүгін — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

21.05.2020

Бүгін — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, шығармашылық шабыт және табыс тіледі. Еліміз бойынша 60 мыңға жуық адам осы салада жұмыс істейді. Халықтың рухани кемелденуіне үлес қосып жүрген жандардың еңбегі орасан.

Мемлекет басшысы twitter парақшасында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін осылай деп құттықтады. Ал Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгін Жезқазған қаласындағы театрда сала қызметкерлерімен кездесіп, бірқатарын марапаттады. Министр жезді өңір еліміздің өнер тұнған киелі өлке екенін атап өткенін айтты.

Биылғы жылдың басты жаңалығы — мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50% - ға, өңірлерде 35% - ға дейін өсті. Бұл қызметкерлерді ынталандырып, саланың дамуына оң серпін береді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу